Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 бірлескен бұйрығы
(2026.08.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2021.14.06. № 568 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.14.06. № 60 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.15.12. № 1285 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.15.12. № 127 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6 тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Қаржы министрінің 2021.14.06. № 568 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.14.06. № 60 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.15.12. № 1285 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.15.12. № 127 бірлескен бұйрығымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрінің 2025.29.12. № 815 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025.29.12 № 137 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық бақылау жүргізу үшін аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парағы;